• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Тамыз, 2020

Алматыда анасы баласын арықта тастап кеткен

604 рет
көрсетілді

Алматыда анасы баласын арықта тастап кеткен. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz

Бүгін, түнгі бірде алматылық тұрғын арықтан шақалақты тауып алады. Белгілі болғандай, жаңа туылған нәрестені Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы бойындағы арықта дәрменсіз күйде қалдырып кеткен. Куәгер оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды. Бала денсаулығы мен күтімін бақылау үшін ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі баланың биологиялық анасының орналасқан жерін анықтау және полицияға тапсыру үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

Алматы полициясы қамқор азаматтарды нәрестенің биологиялық анасы туралы кез келген ақпарат болған жағдайда бұл туралы полицияға дереу хабарлауды сұрайды.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.