• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Тамыз, 2020

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді

4335 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Egemen.kz Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1)  4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері:

1) қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған кезде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылдауды;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссиясы отырысының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6 хаттамасының 2.6-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес қызметі шектелмеген объектілерді қоса алғанда, объектілердің қызметін қайта бастауды қамтамасыз етсін. 

3) осы Қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2 және 3-қомысшалармен толықтырылсын.

«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1) 24-тармақтың 26) тармақшасы алынып тасталсын;

2) осы Қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 43-қосымшамен толықтырылсын.

Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының  

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                 А. Есмағамбетова

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.