«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайының сәйкес келуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы әзірленді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Құжат әскери қызметшілері мен азаматтардың денсаулық жағадйына қойылатын талаптарды анықтайды:
- әскери қызметке жедел мерзімге шақырылған кезде жедел мерзімді әскери қызметті өтейтіндер;
- ҚР Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарда кайтарымсыз және қайтарымды негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау үшін іріктеу кезінде;
- әскери оқу орындарына түсушілер және жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда (факультеттерде) оқитындар;
- әскери қызметке түскен кезде катардағы, запастағы сержанттар, жедел мерзімді өтейтіндер, әскери шеңі жоқ әйел адамдар қатарынан;
- курсанттарды (кадеттерді) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқанға дейін, сондай-ақ келісімшарт жасасқаннан кейін;
- әскери жиындарға шақыру және әскери жиындардан өту кезінде, есепке алу мақсатында запастағы қатардағы жауынгерлер мен сержанттарды, сондай-ақ әскери қызметке шақыру және келісімшарт бойынша, запастағы әскери қызметке кіру кезінде, әскери жиындарға шақыру және әскери жиындардан өту кезінде, есепке алу мақсатында запастағы офицерлерге;
- келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге;
- келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін немесе қызмет үшін іріктелетін офицерлердің, Десанттық-шабуылдау әскерлерінде, әскери-теңіз күштерінде, арнайы мақсаттағы бөлімдерде әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлердің болуы. Талаптар арнайы мақсаттағы бөлімшелерге, теңіз жаяу әскерлеріне, десанттық-шабуылдау және барлау бөлімшелеріне, жауынгерлік жүзушілерге және сүңгуірлік құрамға, сондай-ақ корабльдер мен кемелер экипажына қойылады;
- теңізе шығуға, су астындағы танктерді және басқа көліктерді жүргізуге қатыстырылған әскери қызметті (әскери жиындардан өтетіндер) әскери қызметшілерге (азаматтарға).
Бұйрық жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында танысуға болады: https://legalacts.egov.kz.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.