• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 25 Тамыз, 2020

Армениядан әкелген 1 387 автокөліктің тек жартысы ғана есепке алынған

377 рет
көрсетілді

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін мамандандырылған ХҚКО-лар демалыс күндері де жұмыс жасауда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz

Елорда тұрғындарының көлік құжаттарын реттеуге бір аптадан аз уақыт қалды. Көлік 1 қыркүйекке дейін тіркелуі керек.

"Кеден органдарының мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында тұратын азаматтарға Армения Республикасынан әкелінген 1 387 автокөлік тіркелген. Оның 628-і елордада уақытша есепке алынған", деп хабарлады әкімшілік полиция.

Армениядан қазақстандықтарға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін жеткізілген көлік осы апта ішінде тіркелуі керек, өйткені оларды уақытша тіркеу келесі айдан бастап аяқталады. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін мамандандырылған ХҚКО-лар демалыс күндері де жұмыс жасауда.

"Бүгінгі таңда біз «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен 2020 жылғы 30-31 тамыз – мереке және демалыс күндері Армения Республикасының көлік құралдарын тіркеуді ұйымдастыру мәселесін қарастырудамыз", делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, қазіргі уақытта Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін импортталған қайта жабдықтау жүргізілген көлік құралын тіркеу жүргізілуде. Жалпы, елордада 382 автокөлік оң рульден солға ауыстырылып қайта жабдықталып, зертханалық тексеруден өту үшін кезекте тұр.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.