• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Руханият 26 Тамыз, 2020

«Меруертті өзім де сағынып жүрмін»

5164 рет
көрсетілді

1981 жылдың күз айында Өз­­­бек­станның Бұхара облысы Тамды ауданына Алматыдан М.Әуе­зов атындағы драма теа­тры­ның әртістері келді. Ішінде әйгілі сахна саңлақтары Сәбира Май­қанова, Хабиба Елебекова, Нүкетай Мышбаева, Егемберген Әбуев, Құман Тастанбеков бар.

Сол жылы мен Қазақтың ауыл ша­руашылығы институтын тәмамдап, елге келген едім. Жо­ғары оқу орнын бітірген соң, Талды­қорған маңында 3 айлық әске­ри жиында болып, әлі қызметке тұра қой­маған едім. Келген қонақтар бізд­ің үйімізге түсіп, мерейіміз өсіп-ақ қалды.

Ол кезде әкеміз шаруашылық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып істейтін. Кешке театр тарландары атақты «Ана – Жер-ананы» көрсетті. Спектакльді кө­руге ауылдың тайлы-таяғы қал­май келіп, қойылым біткеннен соң ха­лық әртістерді сахнадан жібер­мей тұрып алды.

Содан қонақтар үйге келіп, шай үстіндегі көңілді отырыста халықтың өнерге деген ықыласына риза болып отырысты. Дастарқан басында отырғандардың өтінішіне сай Сәбира апай көп сөзге келместен ана образына кіріп, көз жасын төгіп жіберіп өнерін көрсеткенде отырғандар ықы­ласпен қошемет көрсетісті.

Ал менің анам Құман ағаға қарап: – Меруертті де ала келмеген екен­сіз, өз көзімізбен көрер едік – дегенде, Құман аға күліп: – Айт­паңыз апай, өзім де сағынып жүр­мін Меруертті, – деп жұртты ду күл­дірген еді.

Міне, сол кездесуден қалған белгі ретінде осы суретті әлі сақтап келе­мін.

 

Сапар Ізтілеуов

 

Қостанай облысы