• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Тамыз, 2020

Екі күнде 300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

177 рет
көрсетілді

Осы жылдың 25-27 тамызында Конституция күнінің қарсаңында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы  қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды болдырмау бағытында облыс көлемінде "Құқық тәртібі" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Құқық тәртібі" жедел алдын алу іс-шарасына 247 полиция қызметкері, Ұлттық ұланның 73 сарбазы және 76 автокөлік жұмылдырылды. Тіркелген қылмыстар саны 14 болса, бір тәулікте 11, бұрын жасалған 3 қылмыс ашылды.

Полицейлер жүргізген іс-шараның екі күнінде 300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келудің 21 дерегі, ұсақ бұзақылық бойынша 13 факт анықталып, тиісті шаралар көрілді. Анықталған құқық бұзушылық арасында беймезгіл уақытта тыныштықты бұзу, кәмелетке толмағандардың түнде заңды өкілінсіз жүруі, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқару, көлік руліне мас күйінде отыру секілді деректер бар.   

Шара аясында 21 азамат уақытша бейімдеу орталығына жеткізілді. Сонымен қатар, қаруды заңсыз сақтаудың 11 дерегі тіркелді.