• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Тамыз, 2020

Абай атындағы нысандар жаңартылды

240 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Семейдегі бірқатар маңызды нысанды аралады, деп хабарлайды Egemen.kz

Делегация алдымен ат басын "Бейбітшілік" аралына бұрып, Семей ядролық полигоны құрбандарын еске алды. "Өлімнен де күшті" монументіне гүл шоқтарын қойды. Атап айта кету керек, осыдан 29 жыл бұрын, 29 тамызда Семей ядролық полигоны жабылып, ел болып, әлем болып қуанған едік.

– Кеңестер Одағы басшылығының қарсылығына қарамастан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың патриоттық, ұлтжанды шешімі аждаһа апанының жабылуына ықпал етті, – деді Қырымбек Көшербаев өз сөзінде.

Ядролық сынақ құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алған делегация өкілдері бұдан кейін жаңартылған Абай алаңын,  күрделі жөндеуден өткен Абай театрын көрді.

Биыл хакім Абайдың 175 жылдығына байланысты ақын атымен аталатын бірқатар нысандар жаңарып, жөндеуден өткен. Соның ішінде Абай мұражайы да бар. Мерейтойға орай мұражайдың залдары жөнделіп, ғимараттың қасбеті мен оған жапсарлас аумақ жаңартылған. Ауласындағы тротуар плиталары ауыстырылды, абаттандырылды, көгал төселді. Осы тұста ауыз толтырып айта кетерлігі - Абайдың ұлдарымен бірге тұрған мүсіні ашылды.

Делегация сонымен қатар 203 гектар аумақты алып жатқан Қарағайлы шағына ауданының тыныс-тіршілігімен танысты.