• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2013

Белсенділік өркениетке бастайды

288 рет
көрсетілді

Қоғам өміріндегі елеулі өзгерістерге үкіметтік емес ұйымдар қалай үлес қосып отыр? Бұл мәселе облыстық әкімдіктің қолдауымен өткен VI Азаматтық форумның барысында кеңінен талқыға түсті.

– Мемлекетіміздің саяси жүйесін қалыптастыруда азаматтық қоғам институттарының алатын орны ерекше, – деді облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан форум барысында.

Қоғам өміріндегі елеулі өзгерістерге үкіметтік емес ұйымдар қалай үлес қосып отыр? Бұл мәселе облыстық әкімдіктің қолдауымен өткен VI Азаматтық форумның барысында кеңінен талқыға түсті.

– Мемлекетіміздің саяси жүйесін қалыптастыруда азаматтық қоғам институттарының алатын орны ерекше, – деді облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан форум барысында.– Қазіргі таңда облыста 329 қоғамдық бірлестік тіркелген. Олар халықтың қоғамдық-әлеуметтік жағдайын жақсарту, діни ахуалды тұрақтандыру, ұлтаралық татулықты сақтау секілді маңызды мәселелердің түйінін тарқатуға белсенді түрде қатысуда. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың еңбек қатынастары мен әлеуметтік мәселелер, діни ахуал төңірегіндегі көзқарасы бір арнаға тоғысып, өзара түсіністік орнады.

Әрине, қай қоғамда да түйткілді мәселелер болмай тұрмайды. Деген­мен, күнделікті тірлікте кездесіп жататын сан алуан проблемаларды шешуге жергілікті билікпен бірге, үкіметтік емес ұйымдар да өз үлесін қоса алса ғана оң нәтижеге иек артылады. Мемлекет олардың жұмысын жандандыруына қаржылық тұрғыдан қолдау көрсетіп отыр. Мәселен, биылғы жылы Атырау облысында осындай ұйымдарға бөлінетін қаржы үш есеге артыпты. Алайда, Ш.Мұқанның айтуынша, соңғы кезде үкіметтік емес ұйымдар басшыларының ортақ мүдде жолында жұмыс жүргізуден гөрі, алдымен өздерінің мәселелерін шешуге бейім тұратыны байқалып қалады.

Шындығын айту керек, көбінесе үкіметтік емес ұйымдармен облыстық ішкі саясат басқармасы ғана байланыс орнатқаны даусыз. Ал өзге басқармалар үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жүргізуге ұмтылыс таныта бермейді. Осы орайда ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева өңірдегі өзге де басқармалар тарапынан салалық үкіметтік емес ұйымдармен байланыс орнатып, жұмысты ширату қажет, деп есептейді. Сонымен бірге, аудандардағы үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі кеңестердің жұмысында жаңашылдық танытылып, жергілікті әкімдіктер тарапынан ауылдардағы осындай құрылымдардың ойдағыдай жұмыс жүргізуіне қолдау көрсеткенде ғана осы саладағы байланыс бүгінгіден де жандана түседі.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы.

Соңғы жаңалықтар