• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2013

«Әзірет Сұлтан» мешітінде – жаңа студия!

290 рет
көрсетілді

Тұсауы кесілгеніне небәрі бір жыл толған Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті көптеген іргелі шараларға мұрындық болып, көпшіліктің ықыласына бөленіп келе жатқаны мәлім. Мешіттің бас имамы, наиб мүфти Қайрат Жолдыбайұлының тікелей басшылығымен қолға алынып, іске қосылған тағы бір қуанышпен бөліскіміз келеді.

Елімізде қалыптасқан діни ахуалды жақсартудың бірден-бір жолы – діни үгіт-насихат екені көптен айтылып келген.

Тұсауы кесілгеніне небәрі бір жыл толған Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті көптеген іргелі шараларға мұрындық болып, көпшіліктің ықыласына бөленіп келе жатқаны мәлім. Мешіттің бас имамы, наиб мүфти Қайрат Жолдыбайұлының тікелей басшылығымен қолға алынып, іске қосылған тағы бір қуанышпен бөліскіміз келеді.

Елімізде қалыптасқан діни ахуалды жақсартудың бірден-бір жолы – діни үгіт-насихат екені көптен айтылып келген. Ал қазір халыққа көзбен көріп, құлақпен еститін аудио және видео өнімдердің тиімді екенін ескерсек, жалпақ жұрттың діни сауатын көтеруге қызмет ететін заманауи студия ашу күн тәртібіндегі өзекті мәселе болатын.

Енді, міне, көптен күткен аудио және теле студия Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жабдықталып, ашылып отыр.

Халықты асыл дінімізге даналықпен, терең біліммен шақыруға бастама болсын деген ниетпен бұл студияға «Хикмет» деген ат қойылыпты. Студияда әзірленген үн таспалар мен бейнеөнімдер бүкіл Қазақстан халқының дұрыс діни сауатын ашуға мол үлес қосады деп күтілуде. «Хикметте» әзірленген діни бағдарламалар бірінші кезекте мемлекеттік телеарналарда және арнайы ашылып жатқан «HIKMET.TV» интернет порталында көрсетіледі деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, «Хикмет» студиясының өнімдерін мол таралыммен көбейтуге арналған ең соңғы үлгіде жасалынған арнайы диск көбейткіш дубликатор алынып іске қосылды.

Бүгінгі таңда осы дубликаторда көбейтілген аудио және видео өнімдерді мешіт жамағатына, студенттерге және еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауылдарға тарату ісі басталып кетті. Іске сәт! Алла жаңа ашылған студия жұмысына береке берсін!

Соңғы жаңалықтар