• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2013

Қаржыны игерудің иірімдері

330 рет
көрсетілді

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Қаржы ми­нистрі Болат Жәмішевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты болды. Онда министр 11 қазанда Мемлекет басшысының төр­ағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүк­тел­ген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Аталған отырыста Елбасы түгел игерілмеген қаражаттарға қатысты мәселелерді тыңғылықты шешуді тапсырғаны мәлім. Сонда Президент келтірген дерекке қара­ғанда, болжам бойынша түгел иге­ріл­меген қаражаттың көлемі 150 млрд. теңге еді.

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Қаржы ми­нистрі Болат Жәмішевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты болды. Онда министр 11 қазанда Мемлекет басшысының төр­ағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүк­тел­ген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Аталған отырыста Елбасы түгел игерілмеген қаражаттарға қатысты мәселелерді тыңғылықты шешуді тапсырғаны мәлім. Сонда Президент келтірген дерекке қара­ғанда, болжам бойынша түгел иге­ріл­меген қаражаттың көлемі 150 млрд. теңге еді. Осынау қомақты қаржының неге игерілмегенін және оның себеп-салдарын әңгімелеген министр көп мәселенің бетін ашты. «Бұл 150 млрд. теңге 2014 жылдың қаңтарына дейін игерілмей қалуы ықтимал қаржы. Негізі ол қаржы бюджеттің бағдарламалар әкімшілері ұсынған республикалық бюджет қаражатын игеру жөніндегі деректерден алынған еді», деді Б.Жәмішев.

Ведомство басшысы журналис­терге бұл 150 млрд. теңгенің қайда, қалай жұмсалып реттелетінін жі­ліктеп берді. «Ондағы 7,1 млрд. теңге биылдан қалған қалдықтарды келесі жылы қаржыландыруға жұмсалады. Ал 72,1 млрд. тең­ге – бюджетті үнемдеуден құрал­ған қаражат. Мысалы, мемле­кет­тік сатып алулардан, инфляция қарқынын баяулатудан, мем­лекеттік бағалы қағаздар бойын­ша сыйақының төленбеуінен, бағдарлама қатысушыларын оңал­ту­дан және көлемі жағынан аз субсидияларды пайдаланудан үнем­делген қаражат. Сондай-ақ, қаржы институттары мен лизинг алушылар арасында жасалған қаржы лизингі шарттарының да аз болуынан үнемделген», деді министр.

Министр келтірген деректерге жүгінсек, биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласындағы түрлі шараларға да қаржы белгіленген жоспардан аз жұмсалған. Атап айтқанда, жануарлардың аса қауіп­ті аурулары – аусыл, сібір жарасы, шешек және тағы басқа қатерлі дерттерге қаржы шығыны азайған. Сондай-ақ, мал шаруашылығын дамыту үшін берілетін субсидия­ларға да сұраныстар аз болып­ты. Оған қоса, әлеуметтік түр­лі шығындар да әжептәуір ық­шамдалыпты. Мәселен, «Жұмыс­пен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушылардың саны айтарлықтай азайған, Назар­баев зияткерлік мектептерінің нысандарын салуда да қаржы үнемделіп, тұрғын үй төлемдерін алушылар саны да кеміген екен. Мұнымен бірге, бірқатар лауазымды орындардың бос тұруы да жоғарыда аталған қаржының ұлғаюына себеп болған. Өйткені, сол бос орындарға еңбекақы төленбеген.

«Ал, 70,8 млрд. теңгенің игеріл­мей қалуының түрлі себептері бар. Ол, менің ойымша, өз уақы­тын­да өтпей қалған конкурстардан, тапсырыс берушілердің шарт талаптарын бұзуынан, орын­далған жұмыстардың есебін дер кезінде беріп отырмау­дан, тағы басқа бюджеттік бағдар­ламалар әкімшілерінің түрлі іс-шараларының орындалмауы салдарынан шыққан қаражат. Әрине, көрсетілген қаражат көлемі тым үлкен. Бірақ уақыты келе ол қаржылар өз жүйесін табатын болады», деді Б.Жәмішев. Министр Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңей­тіл­ген отырыста берілген тапсыр­ма­лардың бәрі тиянақты орындалып жатқанын тілге тиек етті.

Баспасөз мәслихатының со­ңында Қаржы министрі БАҚ өкіл­дерінің қойған түрлі сауалдарына жауап берді.        

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар