• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2013

Кеңестің кезекті мәжілісі

270 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлейменнің төр­ағалығымен «Адам өлшемі бойынша үнқатысу алаңы» Кон­сультативті-кеңесу органының бесінші селекторлық мәжілісі болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Ол Қазақстандағы демократияны дамыту мәселелеріне арналды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлейменнің төр­ағалығымен «Адам өлшемі бойынша үнқатысу алаңы» Кон­сультативті-кеңесу органының бесінші селекторлық мәжілісі болып өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Ол Қазақстандағы демократияны дамыту мәселелеріне арналды.Шараның күн тәртібіне мы­надай мәселелер енді: Қазақ­стан Республикасының демокра­тия­лы сайлаулар стандарттарын­ қамтамасыз ету, өз елін бас­қа­ру және азаматтардың сайлау құ­қық­тарын сақтау туралы халық­ара­­лық міндеттемелерін орындауы; сайлау заңнамасын жетілдіру мен жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту.

Негізгі баяндамаларды күн тәртібінің бірінші пункті бойынша Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Сәрсембаев пен «Echo» ҮЕҰ президенті Павел Лобачев, екінші пункті бойынша Еуропадағы сайлау үдерістері бойынша маман Василий Климаков пен «Әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Олеся Халабузарь жасады.

Басқосу қорытындысы бойынша азаматтық қоғам өкілдері мен Қазақстанның ресми адамдары жан-жақты пікір алмасып, тиісті орындарға ұсынымдамалар дайындап жолдады.

Соңғы жаңалықтар