• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 01 Қыркүйек, 2020

"Астана" халықаралық қаржы орталығының әлеуетін тиімді пайдаланған жөн - Президент

363 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Әлемде қалыптасқан жаңа ахуалда елге инвестиция тартып, отандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығару Үкімет үшін ерекше басымдыққа ие болып отыр. "Астана" халықаралық қаржы орталығының әлеуетін тиімді пайдаланған жөн. Қаржы орталығы тікелей және портфельді инвестициялар тартудың негізгі құралына айналуы тиіс. Түйіндей келе айтарым, ЖІӨ-нің абстрактілі өсімімен жұртты қуанта алмаймыз. Халыққа тұрақты жұмыс орындары, қолайлы жол, ауруханалар мен мектептер, сапалы азық-түліктер керек", - деді Президент.