• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 01 Қыркүйек, 2020

Тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда - Президент

1033 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Аса маңызды мәселенің бірі – аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделін әзірлеу. Бұл ретте орталық пен өңір арасындағы қарым-қатынастан бөлек, қаражаттың өңір ішінде бөлінуіне айрықша назар аудару керек. Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажет. Себебі бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді. Бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру, иммидждік іс-шараларға жұмсалатын тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Бұл орынды. Инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларға аудандардың және елді мекендердің бюджетінен қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жүргізілуге тиіс", - деді Президент.