• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Қыркүйек, 2020

Басқа басылымдардан: Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

312 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бірқатар бастамаға айрықша назар аударды. Сол жарияланымдардың бірқатарын оқырманға ұсынамыз.

"Вестник Кавказа" газеті 2021 жылдан бастап Қазақстанда  "Аңсаған сәби" арнаулы бағдарламасы іске қосылатынын хабарлаған. Сондай-ақ Қазақстан Президентінің Үкіметке  "Эко" бағдарламасымен квотаны 7 есе көбейтуді тапсырғанын жазады.

"Елімізде өкінішке қарай, әрбір алтыншы отбасы бала сүю бақытынан айырылған. Әлеуметтік сауал салу қазақстандықтардың шамамен 20 пайызы "бұл ажырасуға үлкен себеп" санайтындығын көрсетті", - делінген басылым хабарламасында.

Reuters халықаралық агенттігі Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерді 25 пайызға қысқартуды тапсырғанын, мемлекеттік қызметтің жүйесі қайта қаралатынын жазды. "Пандемия мен мемлекеттік органдағы көптеген қызметкерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру мемаппаратты қысқарту керек екенін көрсетті. Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік секторын қысқарту мерзімін жылдамдатуды тапсырамын. Биыл олардың санын 10 пайызға қысқарту қажет. Келесі жылы тағы 15 пайызға қысқарту керек. Осылайша, шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту тапсырмасын 2021 жылы шешіп боламыз. Нәтиже мен цифрландыруға байланысты тағы да қысқарту мәселесін қараймыз. Үнемделген қаражат арқылы қалған қызметкерлердің жалақысы арттырылады",- деп хабарлады агенттік.