• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қыркүйек, 2020

Ауылдағыларды алдаған алаяқ ұсталды

911 рет
көрсетілді

Қызылордада бір әйел жұмысқа орналастыруға  уәде беріп, Арал ауданындағы ауылдың 4 тұрғынынан 2  миллион теңгеге жуық ақша алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы дерек негізінде Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде Қызылорда қаласының 55 тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында күдікті кінәсін толығымен мойындап, оған қатысты ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазір осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.