• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Қазан, 2013

Шеберлік шыңдаған жиын

310 рет
көрсетілді

Қазақстан Қарулы Күштерінде авиация бағыттау­шы­ларының жиыны өтті. Ол Алматы облысындағы «Қазақстан» по­лигонында ұйымдастырылды. Жиынға Қазақстан Қарулы Күштері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының, Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері тартылды.

Қазақстан Қарулы Күштерінде авиация бағыттау­шы­ларының жиыны өтті. Ол Алматы облысындағы «Қазақстан» по­лигонында ұйымдастырылды. Жиынға Қазақстан Қарулы Күштері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының, Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері тартылды.

Жаттығу жиынына қатысу­шы­лар бір ай бойы жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі авиациялық техниканы бас­қару­дың теориялық және практикалық мәселелерін пысықтады. Қазіргі уақытта Қазақстан армиясы ұрыс жүргізуді ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы технологиялары мен әдістерін, сондай-ақ жерүсті нысаналарына жауынгерлік авиацияны бағыттауды қолданып келеді. Қазіргі заманғы ұрыста авиация бағыттаушыларының рөлі нысанаға дейінгі қашықтықты және авиазиялық зақымдау құралдарын қолдану тәсілдерін түзетуге келіп тіреледі. Жерүсті әскерлерінің құрамындағы авиация бағыттаушылары координаталарды көрсетіп, жергілікті жерлерден бағдар береді. Авиабағыттаушылардың нұсқауы бойынша жауынгерлік ұшақтар мен тікұшақтар авиа­циялық зақымдау құралдарын қолданады.

Қазақстан Қарулы Күштерінің авиация бағыттаушылары деректерді алу мен талдауға машықтану деңгейін жетілдіріп, жұмыс картасында координаталарды анықтау, жергілікті жерді бағдарлау және зақымдау құралдарының түрлерін таңдау тәсілдерін зерделейді. Олар, сонымен қатар, әуе және жерүсті операцияларын өткізу кезінде деректерді дәлме-дәл жеткізу шеберлігін шыңдауы тиіс.

Курстық даярлықтың соңын­да жаттығу жиынына қаты­сушыларға «Алдыңғы шептегі авиация бағыттаушысы» маман­дығы бойынша толық даярлық курсынан өткендері туралы куәлік табыс етілді.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар