• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Қазан, 2013

Көше тазалаушылар көлікті болды

347 рет
көрсетілді

Облыс орталығы күн санап көркейіп келеді. Әсіресе, соңғы жылдары қала тазалығына баса назар аударылуда. Шаһар басшысы Ерхан Омаров бірқатар нысандарда болып, жұмыс барысымен танысты. Ол атбасын бірден тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын «АқтөбеТаза қала» ЖШС-іне тіреді. Серіктестік директоры Ербол Қалдығұлов жаңадан бес тұрмыстық қалдық тасымалдайтын автокөлік сатып алып берген қалалық әкімдікке ризашылығын білдірді.

Қазір бұл кәсіпорында әртүрлі маркалы 20 тұрмыстық қалдық шығаратын арнаулы автокөлік бар. Кәсіпорын қаланың ескі бөлігінен, 11 және 12, «Мәскеу», «Құрмыш», «Сазды», сүт зауыты шағын аудандарынан тұрмыстық қалдықтарды шығарады. Бұл аудандарда тұрмыстық қалдық жиналатын 188 контейнер орнатылған. Барлық автокөліктер мониторинг жүйесімен қамтылған. Бұл жүйе автокөліктердің қозғалысын, жүрген жолын және тұрмыстық қалдықтармен полигонға қанша барғанын анықтауға мүмкіндік береді. Әлия Молдағұлова даңғылы бойындағы Шахматшылар скверінде қайта жарақтандыру жұмыстары аяқталған екен. Қайта жарақтандыру жұмыстарына қалалық бюджеттен 15,1 миллион теңге бөлінген. Осы маңдағы су-бұрқақ та қайта жарақтандырылып, қаланың көркін аша түсіпті.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

АҚТӨБЕ.

Соңғы жаңалықтар