• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Қазан, 2013

Мал дәрігерлері жаяу жүрмейді

370 рет
көрсетілді

Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Рәшит Әкімов салтанатты жағдайда облыстың 19 мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелеріне жаңа қызмет көліктерінің кілттерін табыс етті. Бұл күні Абылай хан алаңынан 38 «SsangYong» және «УАЗ» маркалы жол талғамайтын арнайы автомобильдері малды ауылдарға аттанды. Жаңа көліктер мал дәрігерлік және дезинфекциялық құралдармен жабдықталған.

Қызмет көліктері «Агро­бизнес-2020» бағдарламасы аясында ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін сатып алынды. Бұған дейін де әр ауылдық округте құрылған мал дәрігерлік пункттерге 237 «Нива» автокөлігі бөлінгендігін айта кеткен жөн. Жалпы, бұл мақсатқа 940 миллион теңге бөлініп, толық игерілген.

Салтанатты шарада сөз ал­ған Сандықтау ауданындағы «Ветстанция-1» мемлекеттік ком­муналдық кәсіпорнының директоры Молдыбай Байжігітов бұл автокөліктердің ветеринариялық қызметті дамытуға игі ықпалын тигізетіндігін айта келіп, Үкімет тарапынан жасалып жатқан қамқорлыққа алғысын білдірді.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.

Соңғы жаңалықтар