Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Жаңақоған аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Жаңақорған ауданының әкімі қызметіне Рүстемов Руслан Рүстемұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Руслан Рүстемов 1968 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын Қызылорда педагогикалық институтының Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған.
1997-2002 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің аппаратында маман, консультант, Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі. 2002-2008 жылдары – облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2010-2019 жылдары облыстық тілдерді дамыту, облыстық ішкі саясат басқармаларының басшысы, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Жаңақорған ауданының әкімі, облыс әкімінің орынбасары болды.
2019 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Сырдария ауданын басқарды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ауданнның жаңа басшысын активке таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.