Ұлттық экономика министр Руслан Дәленов мемлекеттік қызметкерлерді оңтайландыру есебінен төменгі лауазымдағы қызметкерлердің жалақысы қаншаға өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Штаттың санды оңтайландыру ықшамдау мен бизнес-процестерді автоматтандырумен қатар жүреді. Сонымен қатар, бірқатар басқарушы буынды қысқарту ұсынылады", - деді министр.
Осы орайда ынталандырушы фактор ретінде төменгі бөлімдердегі қызметшілердің еңбекақысы өсетінін жеткізді.
"Өткен жылы төменгі лауазымдардың еңбекақысы 25 пайызға артқан еді. Шататтық санды оңтайландыру арқасында орташа есеппен еңбекақыны тағы 15 пайызға арттыру мүмкіндігі болады", - деді Руслан Дәленов.