Атырау облысында Атырау қаласынан 30-40 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
"Жану орны батпақты, өсімдіктердің биік болуы өртті сөндіруді қиындатты, осыған байланысты арнайы техниканың өту мүмкіндігі жоқ.
Қалыптасқан жағдайға мониторинг жүргізу мақсатында ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен жану аумағына әуеден барлау жүргізілді. Нәтижесінде жеке ошақтардың жануы анықталды. Жану ауданы анықталуда. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Жануды сөндіруге Атырау облысы ТЖД, орман шаруашылығының, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарынан 55 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.
Бүгін Шымкент қаласынан жануды жоғарыдан сөндіруді ұйымдастыру үшін су ағызу құрылғысымен (5 тонна) жабдықталған тікұшақтың ұшуы жоспарлануда", делінген хабарламада.