• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Президент 05 Қыркүйек, 2020

Президент қазан айында жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстанға барады

4900 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барады. Бұл туралы Президент Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Кеше ШҚО әкімі Д.Ахметов Абайдың 175 жылдығы аясында атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Семейдегі Абайдың мұражай кешені, ақынның туған және өмір сүрген жеріндегі нысандардың барлығы толықтай жаңғыртылды. Облысқа қазан айында жұмыс сапарымен барып, нысандарды аралап көремін", деп жазды Мемлекет басшысы.