Тәулік ішінде осыншама рекордты ауру тіркелуін Джонс Хопкинс университеті жариялап отыр, деп хабарлайды Egemen.k.
Бұған дейін 14 тамызда 304 351 адамның жұқтырғаны ең жоғарғы сан болып келген-ді, енді одан да артық көрсеткіш тіркеліпті.
Пандемия құрсауындағы мемлекеттер тізімінің басында бұрынғыдай АҚШ ( 6,2 млн), екінші орында Бразилия (4,1 млн), ал үштікте (4 млн) адам жұқтыруымен Үндістан белгіленсе, төртіншіде (1 млн) адаммен Ресей тұр.
АҚШ КВИ-ден өлім саны жөнінен де (188 мың)адамын жоғалтып ең алдында, одан кейін Бразилия (125 мың), үшіншіде (69 тыс) азаматынан айрылған Үндістан. Жер шарында SARS-CoV-2-тан ажал құшқандар 876 мың адамнан асып кеткені айтылған хабарда.