Мексика Денсаулық сақтау министрлігінің департамент басшысы Рикардо Кортес Алькала 24 сағаттың ішінде 6 мыңнан астам ауру жұқтыру тіркелгенін хабарлады, ТАСС.
Алькаланың айтуынша COVID-19 Мексикада 629 409адамды тырнағына іліктіріп, оның 67 326-і өмірмен қоштасыпты.
Вирустың мексикалықтарды босатпай тұрғанына қарамастан, елде 438 754 пациенттің аурудан жазылып шығуы халыққа SARS-CoV-2-ді жеңеміз деген үміт арттырып отырғандай.