• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Қыркүйек, 2020

Құрылыстағы лицензиаттардың электрондық тізілімі құрылады

160 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің тапсырмасы аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп Лицензиаттардың бірыңғай тізілімін құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Тізілімде лицензиат ли­цензия алған кезде ұсына­тын барлық деректер (аттестат­талған инженерлік-техника­лық құрам; материал­дық-тех­никалық жарақтанды­ры­луы; өндірістік база, іске асы­рылған объектілері, жұмыс тәжі­рибесі) көрсетіледі. Осы ті­зілім деректерді қайта тек­серу және өзектендіру үшін басқа мем­лекеттік орган­дар­дың ақ­параттық жүйе­лері­мен интеграцияланады. Атал­ған шараларды іске асыру құ­рылыс және жобалау ұйым­дары қыз­метінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Өйткені барлық деректер ашық, қол­жетімді болады.

Өз кезегінде, бұл шаралар Техникалық қадағалау мен тех­никалық тексеруді жүзеге асы­ратын заңды тұлғаларды аккре­диттеу жөніндегі мем­лекет­тік қызмет сияқты то­лық ав­то­маттандырумен құ­ры­лыс са­ласында лицензия беру рәсімін барынша оңтай­ландырады.

Былтыр министрлік атал­ған мемлекеттік қызметті толығы­мен автоматтандырған еді. Өтінім­дер қаралып, нәти­же­лері 20 минут ішінде адам факторының әсерін­сіз толықтай компьютер­мен беріледі. Бұл үшін Egov.kz үкі­мет порталымен ықпал­дас­тыра отырып тиісті тізілімдер автоматтандырылды.

Бүгінгі таңда министрлік нақты шаралар мен мерзімдері көрсетілген Жол картасының жобасын әзірлеп, келісу үшін тиісті органдарға жіберді. Жол картасы 2021 жылы іске асырылады.

Премьер-Министрің 2019 жылғы 27-28 қарашадағы ха­тта­малық тапсырмасын орын­дау бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен Әділет министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ми­нистр­­лігімен бірге қолда бар мемлекеттік ақпа­рат­­тық жүйелермен интегра­ция­­ла­натын, әрбір лицензиат бо­йын­ша толық мәлімет­терді қам­титын және бел­сенді емес ұйымдарды анық­тауға мүмкіндік беретін құ­рылыс саласындағы лицен­зиат­тардың бірыңғай элект­рон­дық тізілімін құру мәселесін қарастыру тапсырылған еді.