• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Қыркүйек, 2020

117 жыл мүлтіксіз жұмыс істеп тұр

318 рет
көрсетілді

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының шеберханасында бір тарихи жәдігер сақталып тұр. Жәдігер болғанда, көп адам келіп көретін көрмеде тұрған жоқ, әлі де жұрт қажетіне жарап тұр. Шеберханадағы гер­маниялық «Niles» станогы 1903 жылы жасалыпты...

Мекеме Қазалы станса­сындағы механикалық ше­бер­хананың негізінде 1933 жылы құрылған екен. Ал станок одан бұрын әке­­лін­ген көрінеді. Қазір құ­рыл­­ғының ауданға қай уа­қыт­та жеткізілгенін тап басып айтатындар да жоқ­­тың қасы. Анығы, осы мекеме ашылғалы бері құн­ды мүліктің қатарында тұр­ғандығы. Станоктың жасал­ғанына ғасырдан асса да әлі жұмысқа жарамды бо­луының басты себебі күтімді ұста­луын­да.

 Дистанцияның электроматор және электрожетек жөндеу цехында құрыл­ғыларды жөндеуші болып еңбек ететін Қуат Нәби көне аспаптың «тілін тапқан» шебердің бірі.

– Ескі болғандықтан кейде жұмыс кезінде сәл-пәл ауытқу болады. Ондай сәтте құрылғыны бастапқы өлшем бабына қайта келтіріп аламын. Әзірге «Niles» стано­гында жасалған бөлшек­тер­ге қатысты ешкім шағым айт­қан жоқ, – дейді темір ұс­тасы.

 

ҚЫЗЫЛОРДА