Дін істері басқармасының бастамасымен елорданың діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады, - деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Діни бірлестік басшылары Жолдауға қатысты ойларын білдіріп, оны жүзеге асырудың жолдары мен мүмкіндіктері туралы ұсыныстарымен бөлісті.
Сонымен қатар кездесуде Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева қатысушыларға карантин шаралары аясындағы діни бірлестіктердің қызметі және діни ғимараттардағы келушілермен өтетін бұқаралық діни шаралардың ережелерін түсіндірді.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында 54 діни бірлестік, 30 діни ғимарат жұмыс істейді.