БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев биыл магистратура бойынша қай бағытқа қанша грант бөлінгенін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев магистратура бойынша қай бағытқа қанша грант бөлінгенін төмендегідей атап өтті:
- Педагогика ғылымдары бойынша 3 267 грант; - Өнер және гуманитарлық ғылымдар бойынша 570 грант;- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыты бойынша 401 грант;- Бизнес басқару және құқық саласы бойынша 825 грант;- Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика бағыты бойынша 963 грант;- Ақпараттық коммуникация технологиялары бойынша 1 170 грант;- Инженерлік өңдеу және құрылыс материалдары бойынша 2 250 грант;- Ауылшаруашылығы және био ресурстар бойынша 204 грант;- Ветеринария бойынша 72;- Денсаулық сақтау бойынша 115 грант;- Қызмет көрсету саласы бойынша 237 грант тағайындалды.
"Ең жоғарғы конкурс шет тілі педагогтарын даярлау бағыты бойынша өткен. Оған өту балы 134 болды. Ал, ең төменгі конкурс ветеринария бағыты бойынша өтті", - деді ол.
Сонымен қатар, 10 202 талапкерге магистратура гранты тағайындалды.