Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов және қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов үшінші мегаполистің Шымкент – Ташкент бағытындағы кіреберісін көріктендіру бойынша жоба жұмыстарымен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Аталған жоба қала аумағындағы ең маңызды кіреберіс болып саналады. Жоба аясында Шымкент – Ташкент бағытындағы жағалауға тұрғындар мен қала қонақтарына арналған демалыс аймақтары, саябақтар, гүлзарлар салынбақ.
Жалпы, қала көркi кiреберiстен танылады. Қалаға келген қонақтар қаланың кіреберістегі тазалығына әрі сәулетіне қарап баға беретіні сөзсіз.