• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Тағайындау 09 Қыркүйек, 2020

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

435 рет
көрсетілді

Бүгін Президент әкімшілігінің келісімімен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің өкіміне сәйкес қала әкімінің орынбасары болып Айманбетов Маулен Зарлықұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маулен Зарлықұлы  1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы бойынша инженер-автомобиль жолдарының құрылысшысы, агроном, экономист және іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Қызметтік жолын 1990 жылы «Алматы қала құрылысы» тресінің 2-ші құрылыс-монтаждау басқармасының шебері болудан бастаған. Кейіннен аталған басқарманың прорабы, басқарма бастығының орынбасары болған.

2000-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Фитосанитария" РМК бас директоры болып қызмет атқарған. 

2006-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасына  ведомстволық қарасты ұйымдарда түрлі лауазымда жұмыс істеген.

2008-2013 жылдары Астана қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары болған. 

Сондай-ақ Көкшетау қаласында автомобиль жолдары комитетінің Ақмола облысы бойынша  Автомобиль жолдары департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

2014 жылдан бүгінгі күнге дейін "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы" ММ күрделі құрылыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келген.