Алматы жолдарында автокөлік фарларын жуған 24 жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Алматы қаласының ювеналды полиция қызметкерлері қала көшелерінде автокөліктердің фарларын сүртіп және жуып жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша алдын ала жұмыстар жүргізді.
"Қабылданған шаралардың нәтижесінде тамыздың басынан бастап осындай 24 оқиға тіркелді. Келесі жағдайда кәмелетке толмағандардың жасы 16-да болды, яғни олар құқық бұзушылықтың субъектісі болып табылады және әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылады. Қазіргі күні оларға қатысты ҚР ӘҚБК 449-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды", дейді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Оның айтуынша, кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарымен осындай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілетінін атап өтті. Алдағы уақытта ересектер ата-аналық міндеттерін орындамай, құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚР ӘҚБК 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілді.
Сауалнама барысында ата-аналардың көпшілігі балаларының не істейтінін білмейтіндігін тілге тиек етті.