• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Қыркүйек, 2020

Оқушылардың денсаулығы басты назарда - Ералы Тоғжанов

238 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында оқушылардың денсаулығы басты назарда екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Сөз жоқ, балалардың білімі өте маңызды. Дегенмен, олардың денсаулығы басты назарда. Бұл бағыт Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоақаевтың тікелей назарында. Жалпы, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бүгінде тәуліктік өсім 0,1 пайызды құрап отыр. Бүгінгі таңда COVID-19 жұқтырудың 86 жағдайы тіркелді. 5 шілдеден бастап науқастарды жататын орынмен қамтамасыз ету қажеттілігі 6 есеге, КВИ мәселелері бойынша жедел медициналық көмекке шақырулар саны 5,5 есеге азайды. Науқастардың 99 пайызы сауығып, аман-есен отбасына оралды. Бұл COVID-19-бен күресудің дұрыс жолы таңдалғанын және оның нақты нәтижесін көрсетеді", - деді Ералы Тоғжанов.