3 қыркүйекте "Қарасора" жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Қызылорда облысы Полиция департаменті Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Келінтөбе ауылының батыс бетіндегі құмның арасына екі есірткі алқабын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Қараой" деп аталатын құмды даладағы 20 соттық жерден 5032 түп сора алынды.
Күдікті ретінде оқиға басында үш азамат ұсталып отыр. Олардың біреуі Алматы қаласының, қалғандары Қызылорда облысының тұрғындары болып шықты.
Қазір күдіктілер Жаңақорған АПб-нің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.