• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қыркүйек, 2020

ШҚО-да 22 476 баланың үйінде компьютер тапшы

190 рет
көрсетілді

ШҚО-да 22 476 баланың үйінде компьютерлік техника тапшы. Оның ішінде қашықтан білім алып жатқан 16 904 оқушы мектеп компьютерлерімен қамтамасыз етілді. Қалған 5 712 бала штаттық режимде білім алуда. Бұл туралы ШҚО білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жумадилова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тікелей эфир барысында басқарма басшысы аудандық және қалалық білім бөлімдерінің қаржыландыруы арқылы 2 572 бірлік компьютерлік техника сатып алынғанын атап өтті. Сондай-ақ Үкімет қорынан бөлінген қаражат есебінен 26 509 компьютер алынды. Оған 4,1 млрд теңге бөлінді.   "Мемлекеттік сатып алуды әділ ұйымдастыру  және компьютерлік техникаларды бөлу мақсатында "Adaldyq alańy" жобалық кеңсесі төрағасының жетекшілігімен, "Нұр Отан" партиясының өкілдері, облыстық маслихаттың хатшысы, қоғам өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жергілікті қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ қамқоршылық кеңесінің, ата-аналар қоғамдастығының, жастар ұйымдарының жетекшілерінен жұмыс тобы құрылып, жеткізуші анықталды. Қазіргі таңда компьютерлік техникаларды жеткізу  жұмыстары басталып кетті. Осы бағыттағы жұмыс 15 қыркүйекке дейін аяқталатын болады", - деді Сайрангүл Жумадилова.   Сонымен қатар жұмыс тобы компьютерлік техниканы бөлу мониторингін жүзеге асырады. Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын: аз қамтылған, көп балалы, ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды, сондай-ақ оқу озаттарын қамтамасыз етіледі.