• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 11 Қыркүйек, 2020

Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді

393 рет
көрсетілді

Жексенбіде Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

CTS компаниясының мәліметіне сәйкес, жексенбі күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Ал сенбі күні қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейді. Жұмыс кестесі сағат 23:00-ге дейін жалғасады.

Дүйсенбіден бастап қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар желіге қайта шығады.

Айта кетейік, жолаушылар қоғамдық көлікке маска тағып кіруге міндетті. Жол жүру ақысы тек электронды түрде төленеді.