• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қыркүйек, 2020

Павлодардың "Керуен" сауда үйінде өрт шықты

170 рет
көрсетілді

Павлодар қаласының "Керуен" сауда үйінде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

"11 қыркүйек күні таңғы сағат 6:57-де Павлодар қаласы Қамзин көшесі, 171 мекенжайындағы "Керуен" сауда үйінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Екіқабатты ғимараттың 1-қабатында 4 бутик жанған. Жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 07:39-де сөндірілді", деді "ТЖД Өрт сөндіру қызметі және авариялық-құтқару жұмыстары" ММ басшысы Сүлеймен Бимағамбетов.

Оқиға орнында жеке құрамның 22 адамы мен 6 техника жұмыс істеді. Өрт кезінде зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның орын алу себебі анықталуда.