• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Қыркүйек, 2020

KAZGUU заңгерлері тегін кеңес береді

238 рет
көрсетілді

М.Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халыққа заңгерлік көмек көрсету мақсатында «TEGIN KENES» жобасын бастады. Енді Қазақстанның әрбір азаматы үйден шықпай-ақ білікті заңгердің кеңесін тегін ала алады.

Ол үшін ZOOM қосымшасын орнатып, сілтеме бойынша өту қажет: https://clck.ru/Qjy2P. Азаматтарды қабылдау вир­туалды кабинетте дүйсенбіден жұма­ға дейін сағат 10.00 - 18.00 аралығында өтеді.

«Әр адамға сапалы құқықтық кеңес қажет. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік қызметтің басым міндет­терінің бірі – мұқтаж  жан­дар­ға заңгерлік көмек беру деген болатын.  Бірақ құқықтанушы мамандар қызметінің бағасы барлығына бірдей қолжетімді емес.  Сауатты заңгерлердің кеңесі уақытында берілген болса, біраз кейстерді шешуге болатын еді», деп атап өтті клиницист-студент Рамазан Әзіретқұлов.

Заң клиникасы директорының айтуынша, азаматтық, отбасылық немесе еңбек мәселелері бойынша хабарласуға болады. Клиницист-студенттердің жа­уап­тары алдын ала кәсіби заңгерлердің сапалық тексеруінен өтеді.

«Біз Қазақстанда «Волонтер жы­лы» жарияланғанға дейін де құқық­тық еріктілер ретінде белсенді жұмыс ат­қардық. Биыл карантиндік шек­теу­лер­ді ескеріп, қашықтан кеңес бе­руді қолға алып отырмыз. Арнайы әзір­ленген Zandar.kz сайтынан басқа, ZOOM платформасында виртуалды каби­нет іске қосылды. Заң клиникасында тағылымдамадан өтіп жүрген студент­тер жұртшылықты мазалаған сұрақ­тарға онлайн режімде жауап беруге дайын. Біз студенттеріміздің күш-жігері арқылы құқықтық волонтерлікті дамытып, халықтың құқықтық сауаттылығын арт­тыруға үлес қосып қана қоймай, бола­шақ заңгерлерді әлеуметтік жауап­кершілікке тәрбиелейміз», деп атап өтті КАЗГЮУ Заң клиникасының директоры Эстер Бабаджанян.