• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Руханият 15 Қыркүйек, 2020

Жеңіс парадына қатысқан

358 рет
көрсетілді

1945 жылдың маусым айында Кеңес Одағы халқы мен оның қарулы күштері үшін ерекше мереке болды. Мәскеуде Жеңіс құрметіне арналған әскери шеру өткізілді.

Неміс-фашист басқыншы­ла­рын талқандауда ерекше көзге түскен Кеңес қарулы күштерінің әр түрінен жасақталған таңдаулы полктер Жеңіс парадына қа­тыс­ты. Замана тарихының тө­рінен орын алатын осы бір ес­те қаларлық оқи­ғаның куәсі бол­ған­дар қатары жылдан-жылға аза­йып келеді.

Сол әскери шеруге қатыс­қан капитаны Шайғаппас Егеубай­ұлы Егеубаевты кейінгі ұрпақ бүгінде дейін мақтан тұтады. Өткен күндерді Шайғаппас Егеу­бай­ұлы көзі тірісінде былай деп еске ал­ған еді:

«Жеңіс парадына қатысқанды өз басым мақтан тұтатамын. Сол күні менің тұла бойымды халықтық мақтаныш билеп жүр­ді... Мәскеудегі Қызыл алаң­да бір сәт тылсым тыныштық орнады. Сонан соң екі жүз барабан дүрсілі астында фашистердің свас­тикалы кара жалаулары Ленин мавзолейінің іргесіне лақ­тырылды...»

Шайғаппас Егеубаев 1924 жы­лы Павлодар облысы, Май ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Кіші Ақжар жерінде білім алған. 1941 жылы 18 қазанда әс­керге шақырылған. Алтай ар­тил­лериялық училищесін бітірген. Со­ғысқа 1942 жылдың маусымынан бастап қатысқан. Әуелі взвод, кейін батарея командирі болған. 1947 жылы әскер қатарынан орал­ған.

Ерліктері үшін «Қызыл Ту», «І дәрежелі Отан соғысы», екі мәрте «Қызыл Жұлдыз» орденімен және «Ерлігі үшін» медальда­рымен марапатталған. 1945 жы­лы Мәскеуде Жеңіс парадына қатысқан.

1947 жылы соғыстан оралған соң еңбекке араласты. Май аудан­дық комсомол комитеті­нің бі­рінші хатшысы, партия ұйы­мының хатшысы, аудандық мә­дениет бөлімінің бастығы қыз­меттерін абыроймен атқарды. Кейінде, құрметті демалысқа шық­қанша Ақшиман жалпы орта білім беретін мектебінде алғашқы әскери даярлық пәнінен мұғалім болып қызмет етті.

1995 жылы Ұлы Отан соғы­сындағы Жеңістің 50 жыл ме­ре­кесіне орай Алматыдағы Респуб­ликалық шеруге қатысты. 1996 жы­лы дүниеден өтті. Біздің, жер­лестерінің Шай­ғап­пас Егеу­байұлына өзі жұмыс істеген Ақ­шиман мектебіне есі­мі берілсе деген тілегіміз бар. Же­ңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында қаһарман тұлға­лар­дын есімдері әспеттеліп, жоғары деңгейде құрмет көрсетілер деген ойдамын.

 

Берік ЕСКЕНДІРОВ

 

Павлодар облысы,

Май ауданы,

Баскөл ауылы