• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Елорда 15 Қыркүйек, 2020

Қауіпсіз аула мен «ақылды шлагбаумдар»

453 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы бірқатар аулалар мен қоғам­дық орындарды абаттандыру жұмыстарымен танысты.

«Ауқымды жаңғырту жұмыс­тарымен айналысып жатырмыз: апатты ескі үйлерді сүріп, қолжетімді тұрғын үй, білім беру, медицина нысандарын, жолдар мен инженерлік желілерді (су құбыры, электр, кәріз) саламыз. Қала аудандарын абаттандырып, көгалдандырамыз.

Кешкілік аралау барысында Сарыарқа ауданындағы бір­қатар аулалар мен қоғамдық кеңістік­тердің құрылыс барысымен таныс­тым. Желтоқсан, Есенберлин, Жан­гелдин, Сейфуллин көшелері мен Бейбітшілік даңғылы бәріне таныс. Бұл көшелер қаланың оң жағалауында орналасқан. Ерекше атмосферасы бар. Аудан жайлы болуы үшін бос жерлер, қараусыз қалған учаскелер, бұзылған авария­лық үйлердің аумақтары абаттандырылып, тартымды орындарға ай­налды.

Халық санының өсуін ескере отырып, кең аулалар, скверлер мен бульварлар құрылысына көштік. Халық тығыз орналасқан шағын аудан­дарды аулалармен, бульварлармен және алаңдармен қоршаймыз, яғни аулалары жақын орналасқан бірнеше тұрғын үй кешендерін абат­­тандырамыз.

Мысалы, Желтоқсан көшесіндегі №2 үйдің тұрғындары есеп беру кездесуінде ауланы абаттандыру мәселесін көтерді. Біз оны «қатысу бюджеті» бағдарламасы бойынша абаттандырдық. Тұрғындар аудан әкімдіктеріне өтінім беріп, аула көрінісін ұсынады: қандай аймақтар салу қажет, қандай спорт алаңы қажет және т.б. бірқатар басқа мәселе шешілді.

Есенберлин көшесінде жаттығу және ойын алаңдарынан басқа, бас­кетбол мен футбол ойнауға ар­нал­­ған үлкен алаңдар ашылды. Бала­лар өздерін кәсіби футболшылар мен баскетболшылар сияқты сезінеді.

Биыл абаттандырылған аула саны – 150, барлығы дерлік пайда­лануға берілді. Оның көпшілігі қаланың ескі бөлігінде орналасқан. Аралау кезінде тұрғындармен басқа да бірқатар маңызды мәселелерді талқылаймыз, мысалы, «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша аула­­­ішілік аумақтарда камералар ор­ната­мыз. Бұл қауіпсіздік деңгейін арттырады. Сонымен қатар жедел­ қызмет машиналары тұрғын үй­ аума­ғына кедергісіз кіру үшін «ақыл­ды шлагбаумдар» атты жаңа жо­ба іске қосылды», деп жазды Ал­тай Көлгінов әлеуметтік желідегі же­ке парақшасына.