Италиядағы 20 өңірдің 13-інде мектептер ашылып, 5 жарым миллионнан аса бала партаға қайта отырды, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Қалған өңірлердегі сабақ бір аптадан кейін басталады. Өйткені мұнда орын жетіспей жатыр. Оның үстіне коронавируспен күрес шараларына ақша аз бөлінген. Сонымен қоса мұғалім тапшы. Билік сыныптар санын көбейткендіктен, қазір 85 мың ұстаздың жетіспейтінін хабарлайды.
Сабақ басталмай тұрып, мұғалімдердің жартысы коронавирусқа тест тапсырған. Солардың 2 жарым процентінде оң нәтиже көрсетсе керек. Айта кеткен жөн, Италия мектептері 6 наурызда жабылып қалған болатын. Жазғы демалысқа дейін балалар қашықтан оқыған.