IT мен креативті индустрияға басымдық бере отырып, қала экономикасында "құрылымдық маневрді" дамыту үшін инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырмақпыз. Бұған жеке капитал да қатыстырылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
"Бүгін Алмалы ауданында IT мен креативті хаб құру жобасының іске асырылу барысымен таныстым. Инвестор Жамбыл Ревшанов технологиялық креативті компаниялар үшін ауданы 9 мың шаршы метр және ауданы 4 мың шаршы метр ONE Academie Informatique білім беру орталығы үшін кеңсе кеңістігінің құрылысын жүргізуде", дейді Бақытжан Сағынтаев.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, білім беру орталығы жобасы француз бағдарламашысы, педагог Николя Садирак және 01 educational platform-мен ынтымақтастықта жүзеге асады.
"Оның бірегейлігі сол бағдарламалау, деректерді талдау, машиналық оқыту алгоритмдері, киберқауіпсіздік, қосымшаларды әзірлеу оқытушысыз және дәрістерсіз жүргізіледі. Жасөспірімдер практикалық мәселелерді шешумен қатар, IT негіздерін өздігінен үйреніп, бұл салаға енді келгендерге көмектеседі. 1,5-2 жылдың ішінде 18-42 жас аралығындағы 800-ге жуық маманды даярлау жоспарланып отыр", дейді қала әкімі.