• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қыркүйек, 2020

Тұмауға қарсы қарекет

277 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстанда тұ­мау және ЖРВИ маусымына орай 88 359 вакцина сатып алынған. Тағы 160 мың вакцина алу жоспарланған.

Өткен жылдың қазанынан бері аймақта жалпы саны 60 455 адам тұмау және ЖРВИ ауруларына шалдыққан. Негіз­гі өсім ағымдағы жыл­дың қаңтар және ақпан ай­ларында білінді. Биыл сатып алынған вакцина көле­мі өткен жылмен салыс­тыр­ғанда екі есе көп.

Бұдан бөлек облыста болуы мүмкін коронавирус індетінің екінші толқынына да дайындық қарқынды түрде жүргізілуде. Ауруханаларда 7 069 орын дайындалып, 10 цифр­лы рентген аппарат, 158 өкпені жасанды желде­ту аппараты және 1066 от­тегі концентраторы сатып алын­ған. Әлбетте, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жо­лын іздеу ләзім.

 

Шығыс Қазақстан облысы