• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қыркүйек, 2020

Жолдау аясында үйірме санын көбейту жоспарлануда

478 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы биылғы халыққа Жолдауында өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажеттігін айтып, "Балалар үйірмесі" қызметін қайта қалыпқа келтірудің маңыздылығын қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл бағытта Сыр бойында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар жайлы облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет өңірлік коммуникациялар қызметін өткен брифингте баяндады.

Облыс аумағындағы 173 клуб-кәсіпорында 854 тұрақты үйірме бар, оларға 10 606 адам қатысады. Жолдауда қойылған міндеттерді орындау бағытында алдағы жылы үйірме санын 1000-ға көбейтіп, үйірме қатысушыларын 11 500-ге ұлғайтуды жоспарлануда.    

Сонымен қатар, Президент Жолдауында бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балалар спортына басымдық бере отырып, әр облыста, ірі қалалар мен аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет екені айтылды. Сыр өңірінде 2009 жылдан бастап сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету арқылы, бұқаралық спортты дамыту тәжірибесі енгізілген.

Облыста 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс жасайды, оларда 20 147 оқушы 45 спорт түрімен тегін шұғылданады.

2018-2019 жылдары облыста 16 спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жоспарланған 12 жобаның 5-еуі іске қосылды.  

Жастар саясаты саласында алдағы бес жылдыққа арналған 5 бағыт, 29 индикатордан тұратын SYR JASTARY-2025 жол картасының жобасы жасақталуда.

Алдағы бес жылда  Сыр өңірінде 6 мыңға жуық жас "Жасыл ел" және "Жас құрылысшылар" еңбек жасақтарының қатарында еңбек ететін болады.

Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына мемлекеттік гранттар мен инвестициялар тартылып, өңірдегі NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету көзделуде. Аталған жоспарға облыстық еңбек лагерін ұйымдастыру да қарастырылатын болады.