• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 16 Қыркүйек, 2020

Демалыс күндері елордада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

215 рет
көрсетілді

Елордадағы жәрмеңкеге Қызылорда және Ақтөбе облыстары 540 тонна азық-түлік әкеледі, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 және 20 қыркүйекте "Хан-Шатыр" СОО жанындағы алаңда (Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысы) Қызылорда және Ақтөбе облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді. Олар нарықтан 10-15% төмен бағамен 80-нен астам тауар түрін ұсынатын болады.

Барлығы 540 тонна өнімді, оның ішінде: 146 тонна күріш, 129 тонна картоп пен көкөніс, 62 тонна ет, 30 тонна балық өнімдері, 13 мың дана тауық жұмыртқасы, 7 тонна шұжық өнімдері, 5 тонна ұн және макарон өнімдері, 5 тонна алкогольсіз сусындар және т. б. сату жоспарланып отыр.

Жәрмеңкеге 90 отандық өндіруші қатысады ("Айс" ЖШС, "Агрофирма Тау" ЖШС, "Ново-Альджанский мелькомбинат" ЖШС, "Рамазан" ЖШС, "Ақтөбе-нан" ЖШС, "Айбек" ӘКК шұжықтары мен ет деликатестері, "Степное" ЖШС, "Рокос" ЖШС, "Изет ГринХаус" ЖШС және "Гринхаус Қазақстан" ЖШС жылыжай көкөністері, "Мир круп" тұзы, "Жаңажол" күріш, "Сырмаржаны", "Байқоңыр" Агрохолдингі", "Наймир", "Байқоңыр" ӘКК).