• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қыркүйек, 2020

Әскери байланысшылардың жауынгерлік дайындығы тексерілді

617 рет
көрсетілді

Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында шартты қарулы қақтығыстар кезеңінде байланыс жүйесін өрістете отырып, "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери байланысшыларының оқу-жаттығулары өткізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz

Аталмыш оқу-жаттығуларға 30-дан астам әскери техника мен 200-ге жуық әскери қызметші тартылған.

"Оқу-жаттығу барысында біз байланыс бөлімшелерінің әскери байланыс жүйесін құру, өрістету және пайдалану жөніндегі нақты мүмкіндіктерін бағалай аламыз.  Әскери қызметшілер өз іс – әрекеттері мен міндеттерін тәжірибеде тағы да пысықтайды. Бұл кезеңде байланысшылар далалық және стационарлық басқару пункттері мен әскери бөлімдердегі абоненттер арасында әртүрлі радио және спутниктік таратқыштарды қолдана отырып, тұрақты қорғалған байланысты сәтті ұйымдастырды", деп атап өтті "Батыс" өңірлік қолбасшылығының Байланыс әскерлерінің бастығы подполковник Юрий Королев.

Бұдан бөлек, мамандар қысқа толқынды және ультрақысқа толқынды радиостанцияларда байланысты ұйымдастыру және бейнеконференция байланысын басқару пункттерін қамтамасыз ету бойынша нормативтерді тапсырды.

Оқу-жаттығулар нақты уақыт ауқымында, шартты қарулы қақтығыстар жағдайында өтеді. Бұл бөлімшелердің белгіленген мерзімде міндеттерді орындауға жауынгерлік әзірлігінің нақты жай-күйін бағалауға мүмкіндік береді.                                                                                                             

Осы жазда байланыс бөлімшелерін толықтырған жас офицерлер үшін практикалық іс-шаралар кәсіби деңгейді арттыруға арналған емтихан болды.