Көмір өндіруші компаниялардың жедел деректері бойынша 2020 жылдың 8 айында 69,8 млн.тонна көмір (көмір концентратын есептемегенде) өндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1% - ға артық (69,1 млн тонна).
Қазіргі уақытта көмірді елдің ішкі нарығына төмендегідей жеткізіледі:
- энергия өндіруші кәсіпорындарға 37,0 млн тонна көмір тиесілі. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2% - ға артық (36,3 млн тонна);
- өнеркәсіп орындарына 4,0 млн тонна көмір тиесілі;
- коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 4,6 млн тонна көмір тиесілі.
Соның негізінде көмір экспорты шамамен 19,0 млн. тоннаны немесе 104% (18,3 млн тонна) құрады.
Көмірмен қамтамасыз етуге келетін болсақ, 2020 жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы жоспарға қатысты көмір қорымен қамтамасыз етуді (2020 жылғы 1 мамырдан 2021 жылғы сәуірге дейін) құрайды:
- коммуналдық-тұрмыстық сектор 65%;
- халық саны 50,3%.
Анықтамалық:
- Ақмола облысы (КТТ – 30%, халық саны - 48,6%);
- Ақтөбе облысы (КТТ – 83,6%, халық саны – 24,1%);
- Алматы облысы (КТТ – 98,6%, халық саны – 89,9%);
- ШҚО (КТТ – 98,6%, халық саны – 89,9%);
- Жамбыл облысы (КТТ - 93%, халық саны – 60,4%);
– БҚО (КТТ – 78,6%, халық саны - 142,9%*);
- Қарағанды облысы (КТТ – 67%, халық саны – 31,5%);
– Қостанай облысы (КТТ - 100%, халық саны - 47,9%);
– Қызылорда облысы (КТТ – 94,7%, халық саны - 31,4%);
- Павлодар облысы (КТТ-73,1%, халық саны - 47,9%);
- СҚО (КТТ – 73,8%, халық саны – 55,7%);
- Түркістан облысы (КТТ – 58,6%, халық саны – 27,7%);
- Нұр-сұлтан қаласы (халық саны – 23,7%);
- Алматы қ. (КТТ – 100%, халық саны – 65,8%);
– Шымкент қ. (КТТ – 85,7%, халық саны-51,6%).