"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы Сауда және интеграция министрлігінің құзыретіне өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аталған шешім туралы қаулы жобасы "Ашық НҚА" интернет-порталында жарияланды.
"ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ҚР Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. Үкіметтің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін", делінген ресми құжатта.
Сондай-ақ Заңнамада белгіленген тәртіппен Алматы облысының әкімдігінен берілетін халықаралық орталық арнайы акцияларының 100 (жүз) пайыз мөлшеріндегі пакеті коммуналдық меншіктен республикалық меншікке берілетіндігі айтылған.
Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, осы шешім арқылы қазақстандық экспортты ілгерлетуге жағдай жасау және Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара маңындағы сауда көлемін арттыру көзделіп отыр.