• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 18 Қыркүйек, 2020

Венада сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың заманауи тәсілдері талқыланды

149 рет
көрсетілді

Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Елші Қайрат Сарыбайдың төрағалығымен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның (ХСЖҚА) Ассамблеясы Бюросының онлайн форматта кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа Бюро мүшелері - Аустрия, Малайзия, Нигерия және Словакия, сондай-ақ БҰҰ өңірлік топтарының өкілдері қатысты.

Тараптар Академияның қызметіне қатысты мәселелердің кең ауқымын, оның ішінде мекемені одан әрі дамыту жөніндегі жұмыс бағдарламасын талқылады.

Айта кетейік, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды жүзеге асыруда. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықпен жүйелі күресу мемлекеттің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі деп мәлімдеді.