• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қыркүйек, 2020

Кепілге алған көлігін қайтармаған

294 рет
көрсетілді

16 қыркүйек күні полицияға алаяқтық дерегі бойынша 41 жастағы  азаматша арызданды. Жәбірленуші арызында 2015 жылы өзінің "Нексия" автокөлігін кепілге қойып, қала тұрғынынан 300 000 теңге ақша алғанын, бірақ қарызын әлдеқашан қайтарса да әлі күнге дейін көлігін қайтып ала алмай жүргенін жазады, деп хабарлайды Egemen.kz

Арызға байланысты облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде Қызылорда қаласының  37 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындап, оған қатысты "ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.