Алматы қаласы күні қарсаңында мәслихаттың LXVII сессиясында бірқатар азаматқа "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы күні қарсаңында 10 адам "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атанды. Олар:
Нина Әмірқызы Каюпова – Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының дәрігері, профессоры, бас ғылыми қызметкері
Шамша Көпбайқызы Беркімбаева – қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым экс-министрі
Роза Қуанышқызы Рымбаева – эстрада әншісі, киноактриса, педагог-профессор
Досхан Қалиұлы Жолжақсынов – театр және кино актері
Болат Жәмитұлы Өтемұратов – мемлекет және қоғам қайраткері
Тілеуберді Кеңесбайұлы Қуандықов – А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының анестезиология және реаниматология бөлімінің меңгерушісі
Қабдеш Жұмаділ – Қазақстанның халық жазушысы
Рахман Алшанұы Алшанов – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы
Тұрарбек Мәжілұлы Асанов – мемлекет және қоғам қайраткері
Ахан Құсайынұлы Бижанов – Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.